Футболшыны ұрып жіберген төреші жұмысына қайта оралды
Қазақстандық төреші Арман Ісмұратов ойындардан шеттетілген мерзімін өтеп біткеннен кейін жұмысына қайта кірісті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Қазақстандық төреші Арман Ісмұратов ойындардан шеттетілген мерзімін өтеп біткеннен кейін жұмысына қайта кірісті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Ол 2021 жылғы маусымның басында шеттетілген болатын. Оған себеп "Атырау" мен "Шахтер" арасындағы кездесуде алаң қожайындарының футболшысы Сәбит Тастанбековті ұрып жіберуі болған еді.
Бұл оқиға ойыннан кейін болды. Әуелде Тастанбеков төрешіні ұрып жіберді деген ақпарат шыққан. Бірақ кейін оқиғаның видеосы тарап, төрешінің кінәлі екені анықталды.
Биыл төреші жаза мерзімін өтеп бітті. Енді ол екінші лигадағы "Алтай" мен "Ақсу Ж" командалары арасындағы кездесудің бас қазысы болып тағайындалды.
Айта кетейік, бұған дейін Ісмұратов халықаралық ойындарда жұмыс істейтін УЕФА төрешісі болған еді.
Жарнама