Футбол
15 сәуір 2021 13:52

Футболшылар ауыз ашу үшін төреші ойынды тоқтата тұрған

Сурет: © Türkiye Futbol Federasyonu

Түркияда қасиетті Рамазан айында ораза ұстаған футболшылар ауыз ашуы үшін төреші матчты уақытша тоқтатты, - деп хабарлайды "Чемпионат".

Бұл Түркия Бірінші лигасында "Гиресунспор" мен "Кечиоренгюджю" арасындағы кездесуде болған. Бас төреші ойынды 11-минутта тоқтатқан.

Шағын үзіліс кезінде футболшылар су ішіп, жеңіл тағамдар жеген. Twitter желісіндегі beIN Sports парақшасында жарияланған видео төрт миллион қаралым жинап, 1,5 мыңнан аса қолданушы пікір жазған.