"Рафа маған командада барлығы ағылшынша білуі маңызды деді. Менен сұрағанда менің жауабым: "Иә, әрине, уайымдама" болған еді. Келіссөз үзілгенін қаламадым, сондықтан өтірік айттым.
Бірақ одан кейін Англияда баспасөз мәслихаты болды. Рафа алдымен, мен одан кейін сөйлеуім керек еді. Сол кезде мен оған: "Тыңдашы, мен "сәлем" деуді ғана білемін". Ол маған: ""Ах боқмұрын" деді. Сосын екеуміз де күлдік, кейін ағылшын тілін үйрендім", - дейді Родригес.
Макси "Ливерпуль" сапында 2010 мен 2012 жылдар аралығы ойнап, Англия лигасының кубогын ұтқан.