Футбол
18 шілде 2023 14:32
 

Футболшы жанкүйердің мұрнын бұзып, тісін қағып алған

  Пікірлер

blog.share

Футболшы жанкүйердің мұрнын бұзып, тісін қағып алған ©kicker.de

Берлиннің "Герта" клубының қақпашысы Мариус Герсбекті полиция ұстады, деп хабарлайды Sport Bild. Команда маусым алды оқу-жаттығу жиынын Аустрияда өткізіп жатыр. 

blog.share

Берлиннің "Герта" клубының қақпашысы Мариус Герсбекті полиция ұстады, деп хабарлайды Sport Bild. Команда маусым алды оқу-жаттығу жиынын Аустрияда өткізіп жатыр. 

Спорттық тәртіпті бұзған футболшы түнгі үште қонақүйде төбелескен. 

Мәлімет бойынша, Герсбек жанкүйердің біріне тап беріп, мұрнын сындырған және тісін қағып алған. Зардап шеккен адам қазір ауруханада жатыр екен. 

Ал қақпашыны полиция ұстап әкетіп, таңға дейін сұрау алған. Енді клуб басшылығы қақпашының командадағы болашағына қатысты мәселені қарастырып жатыр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!