Футболдан Испания чемпионаты тоқтатылуы мүмкін
Футболдан Испания чемпионаты елдегі жаңа заңға байланысты дау үшін тоқтап қалуы мүмкін, деп жазады Sport24 порталы.
Футболдан Испания чемпионаты елдегі жаңа заңға байланысты дау үшін тоқтап қалуы мүмкін, деп жазады Sport24 порталы.
Ла Лиганың басшысы Хавьер Тебас 27 қазанға клуб басшыларының кезектен тыс жиналысын белгілеген. Ол кездесуде 28 қазан күні чемпионатты тоқтату туралы мәселе қарастырылады.
Испаниялық клубта спортқа қатысты шыққан жаңа заңға наразы. Ол заңда клубтар бір мезетте ішкі чемпионатта және Суперлигада ойнай алатыны қарастырылған. Ал Ла Лига бұл заңға байланысты чемпионат бас демеушісі CVC компаниясының қолдауынан айырылып қаламыз ба деп қорқып отыр. Бұл компания испаниялық клубтарға 2 миллиард еуро бөлуге келіскен.
Аталған заңға Испанияның жоғарғы біріншілігіндегі 42 команданың 39-ы қарсы болған. Ал "Реал", "Барселона" және "Атлетик" оны қолдап отыр.
Жарнама