"Милан" шабуылшысы Златан Ибрагимович қоштасу салтанатында көз жасын ұстай алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Сан-Сиро" сатдионындағы экранда Ибрагимовичтің "Милан" үшін ойындарының үзінділерін көрсетті, ал одан кейін футболшылар оған чемпиондық коридор жасады. Осы кезде трибунадағы жанкүйерлер де, Златанның командаластары да көз жастарына ерік берді.