Францияның Ұлттар лигасындағы матчі сенсациямен аяқталды

Футболдан франция құрамасы Ұлттар лигасындағы алғашқы матчте күтпеген жерден ұтылып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Футболдан франция құрамасы Ұлттар лигасындағы алғашқы матчте күтпеген жерден ұтылып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
A дивизионындағы 1 топтағы франциялықтар Сен-Денидегі "Стад-де-Франс" стадионында Данияға есе жіберді - 1:2.
Барлық гол екінші таймда салынды. Есепті бірінші болып алаң иелері ашқанымен, ойын аяқталғанша екі гол өткізіп алды. 51-минутта Карим Бензема бірінші допты салды, ал даниялық командадан 68 және 88-минутта Андреас Корнелиус дубль жасады.
Қатар өткен матчте Хорватия өз алаңында Аустрияға есе жіберді (0:3).
6 маусымдағы екінші турға Хорватия - Франция, Аустрия - Дания матчтары белгіленген.
Жарнама