Футболдан Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам шабуылшы Килиан Мбаппенің құрамаға оралатынын растады, деп жазады Vesti.kz.
Мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Ұлттар лигасының наурыздағы ойындарына шақырту алды, онда Франция 1/4 финалда Хорватиямен ойнайды. Матчтер наурыздың 20 мен 23 күндері өтеді.
"Иә, ол (Мбаппе) командаға қосылады", - деп береді Дешамның сөзін журналист Фабрицио Романо Х әлеуметтік желісінде.
26 жастағы форвард құраманың қазан мен қараша айларындағы ойындарына қатыспады. БАҚ-та бұл жағдай Килианның "Реалға" тезірек бейімделуге ұмтылғандығымен байланыстырды.