"Реал" және Бразилия құрамасының шабуылшысы Винисиус Жуниор қатаң жазаға ұшырауы мүмкін. Бразилиялық Tiberis Holding do Brasil компаниясы ФИФА-ның этика комитетіне ресми шағым түсіріп, футболшыны екі жылға дейін алаңнан шеттету талабын қойды, деп хабарлайды Vesti.kz италиялық журналист Джанлука Ди Марциоға сілтеме жасап.
Мәселе неде?
Жанжалға ықтимал мүдделер қақтығысы себеп болған. Винисиустің әкесі өзі басқаратын ALL Agenciamento Esportivo компаниясы футбол клубтарын иеленуге қатысы бар деп күдікке ілінді.
Атап айтқанда, жақында Бразилияның B сериясына көтерілген Сан-Жуан-дель-Рей қаласындағы "Атлетик" клубы ерекше назарға іліккен. Клубтың 16,5% акциясына иелік ететін Tiberis компаниясы құқықтарының бұзылғанын және бақылау үлесі Винисиуспен байланысы бар компанияға заңсыз түрде өткенін мәлімдеді.
Іс халықаралық деңгейге дейін жетіп, Tiberis компаниясы Винисиусты ФИФА-ның ойыншыларға футбол клубтарына иелік етуге тыйым салатын этикалық кодексін бұзды деп айыптап отыр. Бұл тәртіп бұзушылық елеулі санкцияларға – тіпті екі жылға дейінгі дисквалификацияға алып келуі мүмкін.
Сонымен қатар, Винисиус Жуниор тағы бір клубпен байланысты болуы мүмкін.
Португалиялық "Алверка" клубының да Винисиустың бақылауына өткен болуы мүмкін екені хабарланды. Егер бұл ақпарат расталса, футболшыға дисквалификациялау, айыппұл салу немесе клубтағы акцияларын сату туралы талаптар қойылады.
ФИФА аталған шағымды қарап, нақты санкциялар ұйым шешіміне байланысты қабылданады.
Винисиустың мансабы мен биылғы маусымдағы көрсеткіші
Винисиус 2018 жылы "Фламенгодан" "Реалға" 45 миллион еуроға ауысқан болатын. Содан бері мадридтік клубтың негізгі ойыншыларының біріне айналды. Биылғы Ла Лига маусымында ол 26 матч өткізіп, 11 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген.
Жарнама