Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу айналымының қарымта матчында "Тобыл" қонақта "Ференцварошқа" есе жіберді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Будапешт төріндегі "Групама Аренада" Милан Миланович ойыншылары қақпасына 5 гол өткізді. Қостанайлықтар сапынан Өзбекстан құрамасының ойыншысы Игорь Сергеев ерекшеленді. Қорытынды есеп 1:5.
Осылайша, турнирдің алғашқы кезеңінен ұшып кеткен "Тобыл" еуро турнирін Конференция Лигасында жалғастырады.