УЕФА футбол клубтарының рейтингін жаңартты, онда мадридтік "Реал" көш басындағы орнын сақтап тұр, деп жазады Vesti.kz.
Екінші орында "Манчестер Сити", ал тізімде үшінші мюнхендік "Бавария". Ары қарай "Ливерпуль", ал бесінші франциялық ПСЖ.
Рейтингтегі ондыққа "Интер" мен "Рома", дортмундтың "Боруссия", лондондық "Челси" және германиялық "Байер" кіріпті.
"Барселона" ондыққа кірмеген екен - 11-орын.