Футболдан Болгария құрамасының қорғаушысы Георги Пашов талдықорғандық "Жетісу" сапынан кетіп, еркін агент атанды, - деп хабарлайды Gong.bg.
Мәлімет бойынша, Пашов Отанына оралуы мүмкін. Футболшыға "Левски" қызығушылық танытқан, ал оған дейін ойыншы "Ботев" ұсынысынан бас тартты.
30 жастағы Пашов "Жетісу" сапына қаңтарда қосылды. Алайда бірде-бр ойынға қатыспады. Талдықорғандық клуб болгариялық футболшының карьерасындағы "Арарат-Армениядан" кейінгі екінші шетелдік клуб. Кейінгісімен футболшы 2019 жылы Армения чемпионатын жеңіп алған.
Айта кетейік, ҚПЛ-2020 осы маусымда екінші рет тоқтатылды. Турнирдің үш туры ғана толықтай өтті, жарыс 3 тамызда қайта жалғасады деп жоспарланып отыр.