Футбол
16 сәуір 2020 20:55
 
Еуропалық клуб Қазақстан құрамасы мен "Астананың" бұрынғы бапкері алдындағы қарызын өтегісі келмейді

  Пікірлер

blog.share

Еуропалық клуб Қазақстан құрамасы мен "Астананың" бұрынғы бапкері алдындағы қарызын өтегісі келмейді Сурет: sport-express.ru

Болгариялық "Левски" сотта бұрынғы бапкері Станимир Стойловтан істі ұтып алуға тырысуда. Қазақстан құрамасы мен "Астананың" экс-бапкері софиялық клубты 2004 пен 2008 жылдар аралығы жаттықтырған, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Болгариялық БАҚ ақпаратынша, төленбей қалған маманның еңбекақысы емес, клубтың жеңістері үшін берілетін үстемақы екен. 

Төлену керек болғаны жалпы 150 мың лев (35,7 миллион теңгедей). Стойлов клубқа 50 мыңды кешіріп, әзірге алғаны 30 мың лев қана (жеті миллион теңгеден аса).

Қалған 70 мың әлі төленбеген. Біраз уақыт бұрын Стойлов бұл ақшаны алса, Левски атындағы балалар мен жасөспірімдер мектебіне беретінін мәлімдеген.

Еске салайық, 53 жастағы Стойлов "Левски" командасын 2006 мен 2007 жылдары чемпион, ал 2006/07 маусымында Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жеткен алғашқы болгариялық клуб еткен. Кейін маман Қазақстан құрамасы мен "Астананы" жаттықтырып, астаналық команданы төрт рет чемпиондыққа жеткізді (2014, 2015, 2016, 2017). Ал 2015 жылдың тамызында қазақстандық команданы алғаш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өткізе алған.

Жарнама

Живи спортом!