Футбол
5 ақпан 2020 09:11

Еуропалық чемпионаттың үздік бомбардирі қазақстандық клубпен келісмшартқа отырды

© "Қайсар" ФК
Футболдан Мозамбик құрамасының шабуылшысы Режиналдо қызылордалық "Қайсармен" келісімшартқа қол қойды, - деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. 

"Режиналдо бөрілердің бірінші жиынында өзін жақсы көрсетті. 2019 жылды ойыншы "Шахтерде" өткізіп, шабуылдаушы шептегі маңызды ойыншылардың бірі болды, осынысымен "Қайсар" бапкері Стойчо Младеновтың көзіне түсті", - делінген клубтың баспасөз хабарламасында. 

Режиналдо қарағандылық "Шахтерге" 2019 жылы шілдеде қосылған. Қазақстан премьер-лигасындағы 14 матчте ол үш гол салды. 

Қарағандылық клубқа дейін ол албаниялық "Кукеси" үшін 43 матчте 20 гол салған. Албания чемпионатында 33 ойында 13 гол соғып, бомбардирлер тартысында үздік болды. 

Албанияда Режиналдо "Лячи" мен "Люфтетари", сонымен бірге, Еуропада португалиялық "Санта Клару" мен "Насьонал" үшін ойнаған. Ал отанында "Лига Мусульмана" клубында өнер көрсетті. Мозамбик құрамасы үшін ол 25 матч өткізіп, үш гол салды.