Еуропа чемпионатының сегізінші қатысушысы іріктелді

Аустрия құрамасы Бакуде өткен Еуро-2024 турниріне іріктеу матчінде Әзірбайжанді ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Аустрия құрамасы Бакуде өткен Еуро-2024 турниріне іріктеу матчінде Әзірбайжанді ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Есеп матчтің 48-минутында ашылды, Марсель Забитцер пенальтиді сәтті орындап, Аустрияны алға шығарды. Ойын аяқталғанға дейін осы есеп өзгерген жоқ.
Осы ойыннан кейін әзірбайжандықтар F тобында 4 ұпаймен төртінші орында қалды.
Ал аустриялықтар жеңіс арқасында 16 балл жинап, екінші орында қалды. Осылайша, олар құрлықтық турнирге кепілді түрде өтеді.
Жарнама