Украиналық футболшы Темур Парцвания "Жетісу" сапына өтті, деп хабарлайды талдықорғандық клубтың баспасөз қызметі.
29 жастағы Тбилиси тумасы 2008 жылы Украинаға көшіп, сол елдің азаматтығын алған. Қорғаушы киевтік "Отрадный" клубының түлегі. Карьерасын киевтік "Динамо" (бұрынғы "Николаев") сапында бастаған.
19 жасқа дейінгі Украинаның жастар құрамасымен 2009 жылы жастар арасындағы Еуропа чемпионатын жеңіп алған.
Сонымен бірге, ол "Металлург" (Запорожье), "Волынь", "Олимпик" (Донецк), "Десна", венгриялық "Кишварда" сапында өнер көрсеткен.
Футболшы "Жетісуда" 77-ші нөмірмен ойнайды.