Даниялық жартылай қорғаушы Кристиан Эриексен жуырда "Брентфорд" клубына ауысады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Mirror басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, Эриксен ағылшын командасына медициналық тексерістен кейін 72 сағат ішінде ауысады. Футболшының өзі спорттық бабына 1 айдың ішінде келемін деп жоспарлап отыр.
Еске салайық, Еуро-2022 турнирінде Дания мен Финляндия арасындағы ойынның бірінші таймында Кристиан Эриксен есінен танып қалған болатын. Артынша футболшыны ауруханаға алып кетіп, жүрегі ұстап қалғаны жайлы айтылды.
Осыған орай, "Интер" футболшы жүрек талмасына түскеннен кейін келісімшартты үзуге мәжбүр болған еді. Себебі Италияда кардиосимулятормен ауыратын ойыншыларға доп тебуге тыйым салынған.