Еуро-2024 турнирінің плей-офф кезеңінде қарсы ойнайтын командалар анықталды

Германияда өтіп жатқан футболдан Еуропа чемпионатының 1/8 финалындағы алғашқы жұп анықталды.
Германияда өтіп жатқан футболдан Еуропа чемпионатының 1/8 финалындағы алғашқы жұп анықталды.
Осылайша, Еуро-2024 турнирінің 1/8 финалында Италия құрамасы Швейцариямен ойнайды. Матч 29 маусым, сенбіде Берлиндегі "Олимпияштадион" алаңында өтеді.
Еуроның үшінші тур ойынында Италия Хорватиямен тең түсіп (1:1), В тобында екінші орынмен плей-офф кезеңге жолдама алған болатын. Швейцария да А квартетінде екінші болған.
Еске салайық, Италия құрамасы қазіргі Еуропа чемпионы.
Жарнама