Еуро-2024: Румыния мен Украина матчін қайдан тамашалауға болады

Бүгін, 17 маусымда Германияда өтіп жатқан Еурода Румыния мен Украина құрамалары ойнайды, деп жазады Vesti.kz.
Бүгін, 17 маусымда Германияда өтіп жатқан Еурода Румыния мен Украина құрамалары ойнайды, деп жазады Vesti.kz.
E тобындағы бірінші кездесу Мюнхендегі "Альянц Арена" стадионында өтеді, бұл матчке швециялық Гленн Нюберг төрелік етеді. Ойынның басталуы Астана уақытымен 18:00. Матчті Qazsport тікелей көрсетеді, трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді.
Бірінші турда өткен матчтердің қорытындысы мынадай:
А тобы: Германия - Шотландия 5:1, Венгрия - Швейцария 1:3;
В тобы: Испания - Хорватия 3:0, Италия - Албания 2:1;
D тобы: Польша - Нидерланды 1:2;
C тобы: Словения - Дания 1:1, Сербия - Англия 0:1.
Жарнама