ESPN комментаторы Қазақстан құрамасын мақтады

Ағылшын премьер лигасының ESPN арнасындағы комментаторы Эндрю Бисли Vesti.kz тілшісімен болған сұхбатында Қазақстан құрамасының Еуро-2024 турниріндегі рөлін айтты.
Ағылшын премьер лигасының ESPN арнасындағы комментаторы Эндрю Бисли Vesti.kz тілшісімен болған сұхбатында Қазақстан құрамасының Еуро-2024 турниріндегі рөлін айтты.
"Бұл топта сөзсіз Дания құрамасы фаворит. Одан кейін екінші орынға Финляндия, Словения және Солтүстік Ирландия командалары таласады. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасын естен шығармауымыз керек. Себебі қазақ жерінде өтетін барлық матч қонақтарға оңайға соқпайды. Ұлттар лигасында қазақ ойыншылары керемет серпіліс жасады. Мықты командаларға толы қызық топ болып тұр. Бір-бірін ұта алатын нағыз мықты командалар жиналған", - дейді Бисли.
Еске салайық, қаршығалар Еуро-2024 турнирінің іріктеуінде Дания, Финляндия, Солтүстік Ирландия, Словения және Ман-Марино құрамаларымен кездеседі.
Жарнама