Эрлинг Холанд Чемпиондар лигасының рекордын тіркеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Норвегия құрамасының шабуылшысы Эрлинг Холанд Чемпиондар лигасының бірінші турында "Севилья" қақпасына екі гол салды.
"Рамон Санчес Писхуан" стадионында жергілікті "Севилья" мен "Манчестер Ситиді" қабылдады. Бұл матч қонақтардың пайдасына 0:4 есебімен аяқталды. Ал Холанд болса кәрі құрлықтың басты клубтың турнирінде алаңға 20 рет шығып, 25 голын соқты. Аталмыш көрсеткішке бұрын-соңды ешбір футболшы жетпеген. Жалпы алғанда норегиялық вундеркинд ЧЛ әр 64 минут сайын голмен көзге түскен.
Жазғы трансферлік маусымда Дортмундтың "Боруссиясынан" Тұманды Альбионға ауысқан Холанд жаңа командасында жеті ойында 12 гол салып отыр.
Еске салайық, Хосеп Гвардиола жаттықтыратын "Манчестер Сити" Чемпиондар лигасының G тобында "Севилья", "Дортмунд Б" және "Копенгаген" клубтарымен кездеседі.