"Манчестер Сити" шабуылшысы Эрлинг Холанд голдарының 85 пайызын допқа аяғын тигізе салысымен салып отырған екен, деп хабарлайды Vesti.kz.
Норвегиялық ойыншының АПЛ-дегі 33 голының жиырма сегізі өзіне жасалған пасты тоқтатып, ыңғайламай-ақ теуіп салынған екен.
Мұның алдында Холанд Англия чемпионатындағы командалар арасында бір маусымда салынған голдар саны бойынша рекорд орнатқан еді.
Биылғы АПЛ-де Эрлинг 29 матчке қатысып, 33 гол салды және алты нәтижелі пас берді.