Футбол
15 қараша 2023 10:24

Еркебұлан Сейдахмет актрисамен некесін қиды

©instagram.com/f.c.kairat

"Қайрат" футбол командасының жартылай қорғаушысы Еркебұлан Сейдахмет актриса Нұрсұлу Ізбасаровамен неке қиды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Неке қию рәсімі 14 қарашада өткен. Бұл туралы "Қайрат" футбол командасы хабарлады.

"Еркебұлан Сейдахмет пен Нұрсұлу Ізбасарова не қиды. Сендерді отбасылық өмірге қадам басып, шаңырақ көтерулеріңмен құттықтаймыз!", - делінген хабарламада.

Жас жұбайлар да қуанышты жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшаларында бөлісті.

Айта кетейік, Еркебұлан Сейдахмет пен Нұрсұлу Ізбасарова осыдан алты жыл бұрын танысқан.

Еске салайық, биылғы тамыз айында футболшы Алматыда өткен "Астанамен" (1:0) матчта сүйіктісіне ұсыныс жасағанын хабарлаған едік.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport