Футбол
25 сәуір 09:33

Еңсебаев ойнайтын Ла Лигадағы клуб үлкен қиындыққа тап болды

©Datsport

Ла Лигаға бір жыл бұрын ғана көтерілген испаниялық "Реал Вальядолид" қайтадана Сегундаға қайта түсіп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Еш мүмкіндік қалмады

Аты аңызға айналған бразилиялық футболшы Роналдоға тиесілі клуб Испания чемпионатының 33-турында "Бетистен" 1:5 есебімен ойсырай ұтылып, Ла Лигада қалу мүмкіндігінен айырылды.

Альваро Рубио жаттықтыратын команда маусым басталғалы бері аянбады, бірақ, футболшыларға тұрақтылық пен шеберлік жетіспеді. Клуб 33 ойында небәрі 16 ұпай жинап, турнирдегі ең нашар нәтижені көрсетті. "Реал Вальядолид" пен олардан бір саты жоғары тұрған "Леганеспен" арада 14 ұпай айырмашылығы бар – бұл "күлгіндер" қажетті ұпайды қалған ойындарда да жинай алмайтынын көрсетіп отыр.

Сегундаға құлау жанкүйерлерге ғана емес, клубты дамытуға соңғы жылдары қомақты қаржы құйып жүрген Роналдоның өзіне де ауыр соққы. Бразилиялық аңыз енді клубты сатуға ниетті екені айтылып жатыр.

"Вальядолид" сапындағы қазақстандық футболшы

Айта кетейік, "Вальядолидтің" жастар құрамында қазақстандық жартылай қорғаушы Мохаммед Еңсебаев өнер көрсетеді.

Ол 2024 жылдың мамырында испандық клубпен үш жылдық келісімшартқа қол қойды. Еңсебеаев Қазақстанда "Жас Қыран" және "Елімай" клубтарында ойнаған. Қазақстанның U-21 құрамасының ойыншысы 2025 жылдың ақпанында уақытша "Сеута" клубына жалға берілген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport