Футбол
4 қараша 2019 14:34

Ең нашар маусым. "Қайрат" алты жылда алғаш трофейсіз қалды

© "Қайрат" ФК
Алматылық "Қайрат" 2013 жылдан бері алғаш рет барлық турнирде ұтылып, ешбір трофейсіз қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


2014 жылдың маусымынан бастап алматылық команда Қазақстан Кубогын төрт рет иеленген (2014, 2015, 2017 және 2018), сондай-ақ, Суперкубокты екі рет ұтқан  - 2016, 2017. 

Биылғы маусым басында Алексей Шпилевский жаттықтыратын команда Қазақстан Суперкубогы үшін матчте "Астанадан" ұтылды.

Ел кубогында "Қайрат" 1/4 финалда "Тобылдан" 1:5 есебімен ұтылып, трофей иегері атағынан айырылды.

Премьер-лига аяқталуға бір тур қалғанда алматылықтар "Ертістен" жеңіліп (0:5), чемпиондық үшін таласты мерзімінен бұрын тоқтатты. 

Еске салайық, "Астана" Қостанайда өткен ойында "Тобылды" ұтып, алтыншы рет қатарынан Қазақстан чемпионы атанып отыр.