Сербиялық маман Срджан Благоевич жаттықтыратын "Астана" мен польшалық "Ракув" клубтарының Конференция лигасындағы қарымта ойындарының бейнешолуы шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Бір апта бұрын Польшада 5:0 есебімен оңбай ұтылған елордалықтар бұл жолы жігерсіздік танытты. Әйгілі "Астана Аренада" Қазақстанның алты дүркін чемпионы 1:0 есебімен есе жіберді. Осылайша, "Астана" кәрі құрлықтағы биылғы жарысын аяқтады.