"Екі күн байланысқа шыға алмаған". Агент Қазақстанға кеткен Зайнутдиновті ЦСКА сапына қашан қосылатынын айтты

Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновтің агенті футболшының Қазақстаннан Ресейге қашан баратынын айтты, деп жазады "Спорт-экспресс" басылымы.
Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновтің агенті футболшының Қазақстаннан Ресейге қашан баратынын айтты, деп жазады "Спорт-экспресс" басылымы.
Қазіргі уақытта ЦСКА командасы Зайнутдиновті қашан келеді деп күтіп отыр.
"Бахтиердің жағдайы жақсы. Ол бүгін Ресейге ұшып барып, командасының қатарына қосылып үлгереді", - деді футболшының агенті Новиков.
Ал "Чемпионат" порталының ақпараты бойынша, Қазақстан жерінде жүрген Зайнутдиновке мәскеулік клуб 4 және 6 қаңтар аралығында байланысқа шыға алмаған. Кейінірек футболшының өзі хабарласып, жағдайының жақсы екенін айтқан.
Жарнама