Екі қазақ ресейлік командалар сапында бір-біріне қарсы ойнады

"Кубок Пари Премьер" матчінде петерборлық "Зенит" мәскеулік ЦСКА командасын ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Кубок Пари Премьер" матчінде петерборлық "Зенит" мәскеулік ЦСКА командасын ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мәскеуде өткен ойын 3:0 есебімен аяқталды. Алексей Сутормин (39, 67-минутта) дубль жасады және Андрей Мостовой (77) гол салды.
Бұл матчте бірінші минуттан Қазақстан құрамаларының ойыншылары Бахтиер Зайнутдинов (ЦСКА) пен Нұралы Әліп ("Зенит") ойнады.
Зайнутдинов 69-минутта, ал Нұралы - 74-минутта алмастырылды. 55-минутта Нұралыға ескерту жасалды.
Жарнама