"Екі бөлек адам сияқты". Бас бапкер Исламханның болашағына қатысты ойын айтты

©"Ордабасы" ФК

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов неге Бауыржан Исламхан Ұлттар лигасы матчтеріне қатыспағанын түсіндірді. 

Черчесовтің ойынша, "Ордабасына" нәтижелілік жетіспейді: 

"Мен оны жәй ғана шақыртқан жоқпын, ол бірнеше рет менің кабинетімде болған. Біз сөйлестік, ол менімен келісті. Мен оны БАӘ-не кетпей тұрып, одан кейін қазір ғана көрдім. Тіптен екі бөлек адам сияқты көрінді, үлкен айырмашылық. Әзірбайжанмен матчте болдым, ол кезде оны тіпті танымай қалдым. 

Ол әңгіме ауанын түсінді, немен жұмыс істеу керегін біледі. Неге екі ойында да шықпады... Бізде ондай функция болмады. Ол ақылды жігіт, топастар олай ойнай алмайды. Сондықтан көреміз, "Ордабасында" бапкер ауысты, оған біраз көмектесу керек. Ал қазір оған нақтылық жетіспейді, ал бұрын әр пасты қанжар сұққандай ұратын. Онымен бірге біраз жұмыс істеу қажет", - дейді бапкер. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар