Футбол
30 қараша 2021 04:56

Доннарума бір жылда екі рет үздік деп танылды

©Euro

Италия құрамасының қақпашысы Джанлуиджи Доннарума France Football журналының тұжырымы бойынша үздік деп танылды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Осылайша, 22 жастағы "ПСЖ" кипері Лев Яшин атындағы сыйлықты иеленді. Ол осыған дейін биылғы маусым қорытындысы бойынша (IFFHS) ең үздік қақпашы номинациясында жеңген болатын.

Еске салайық, 2021 жылы ұйымдастырылған ЕУРО-2020 турнирінде Италия командасы чемпион атанып, Доннарума жарыстың үздік ойыншысы атанған еді.

Лев Яшин атындағы сыйлық 2019 жылдан бері беріліп келеді. Оның алғашқы жеңімпазы дәл сол жылы "Ливерпуль" голкипері Алссион Бекер атанды. Ал 2020 жылы бүкіл әлемде коронавирус пандемиясының өршуіне орай, марапаттау рәсімі өткізілмеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport