Ди Мария Америка Кубогіндегі жеңісінен кейін тату жасады
Анхель Ди Мария Америка Кубогіндегі жетістігінен кейін естелікке денесіне тату жасады. Турнирдің финалында Бразилия мен Аргентина құрамалары кездесіп, 22-минутта Ди Мария жеңіс голының авторы атанды.
Анхель Ди Мария Америка Кубогіндегі жетістігінен кейін естелікке денесіне тату жасады. Турнирдің финалында Бразилия мен Аргентина құрамалары кездесіп, 22-минутта Ди Мария жеңіс голының авторы атанды.
"Досым, осындай әдемі тату жасағаның үшін рақмет айтамын! Спорттық карьерамда арман болған бұл Кубокті иеленгеннен кейін, өз денемде мәңгілік естелік қалдырғаныма қуаныштымын. Алға, Аргентина!", - деп жазады футболшы инстаграм-парақшасында.
Еске салайық, Анхель Ди Мария "Реал" клубымен Чемпиондар Лигасының Кубогін иеленген. Сонымен қатар, Аргентина құрамасы сапында 2008 жылы Бейжің Олимпиадасының чемпионы. 2015, 2016 жылдары Америка Кубогінің күміс жүлдегері және 2021 жылы тұңғыш рет сол турнирдің жеңімпазы атанды.
Жарнама