Футбол
5 қаңтар 2020 09:16

Дербиде ұпай жоғалтқанымен "Барселона" Ла Лиганың бірінші айналымында жеңді

© Reuters
Футболдан Испания чемпионатының 19-шы турында "Барселона" мен "Эспаньол" тең ойнады. 

"Эспаньола" алаңында өткен каталондық дерби 2:2 есебімен аяқталды. Алаң иелерінен Давид Лопес (23-ші минут) пен У Лэй (88-ші) гол салды. Ал "Барсада" Луис Суарес (50) және Артуро Видаль (59) көзге түсті.

Айта кету керек, "Барселона" 75-ші минуттан бастап азшылықта ойнады, жартылай қорғаушы Френки де Йонг 66 және 75 минутта екі рет сары қағаз алып, алаңнан қуылды. 



"Барселона" 40 ұпаймен Ла Лига турнир кестесінде бірінші, каталондықтар қосымша көрсеткіштер бойынша мадридтік "Реалдан" (40) алда. "Эспаньол" 11 баллмен соңғы.