Футбол
5 ақпан 10:19
 

"Делебелері қозып...". Роналду Мессимен бәсекелстік жайлы бар шындықты айтты

  Пікірлер

blog.share

"Делебелері қозып...". Роналду Мессимен бәсекелстік жайлы бар шындықты айтты ©goal.com

Саудиялық "Әл-Наср" мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду аргентиналық Лионель Мессимен бәсекелестік жайлы айтып берді, деп жазады Vesti.kz.

blog.share

Саудиялық "Әл-Наср" мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду аргентиналық Лионель Мессимен бәсекелестік жайлы айтып берді, деп жазады Vesti.kz.

Роналду мұны 80-ші жылдар аяғында "Формула-1" чемпионы атағы үшін таласқан франциялық Ален Прост пен бразилиялық Айртон Сенна бәсекестігіне теңеді. 

"Спортта бар дұрыс бәсекелестік - бұл өте жақсы. Мадрид пен Барселона, Криштиану мен Месси, Пике мен Рамос дегендей. Адамдар бұл тартысты делебесі қозып тамашалайтын. Месси екеуміз марапаттарды 15 жыл бөлісіп келдік және өзара әрдайым жақсы қарым-қатынаста болдық. Есімде бар, бірде мен оның сөзін ағылшын тіліне аударып тұрғанмын. Оның маған деген көзқарасы әрдайым жақсы болатын. Ол өз клубы мен құрамасының намысын қорғады, ал мен өзімдікін. Біз бір-бірімізбен бәсекелесу арқылы қуат алатынбыз. Біздің тартысымыз, Сенна мен Просттікі сияқты болды", - деп береді Криштианудың сөзін Marca.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!