Футбол
25 қараша 2022 10:18

Дәрігер Неймардың жарақаты қандай сипатта екенін айтты

©twitter.com/geglobo

Футболдан Бразилия құрамасының дәрігері Родриго Ласмар команда шабуылшысы Неймардың жарақатының сипаты қандай екенін айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz
 
Неймар жарақат алып қалып эмоциясын тежей алмады

"Ол оң тобығын шығарып алғанға ұқсайды. Бізде толықтай тексеріс жүргізуге уақыт болмады, бірақ тобығы ісіп кетіпті. Алғашқы 24 сағатты күту маңызды, қалай болатыны сол кезде білінеді. Енді бұл демалыс пен шыдамдылық мәселесі. 

Неймар әлем чемпионатын жалғастыра ала ма? Бұл туралы айту әлі ерте. Алдағы бірнеше сағатта оның жағдайын бақылау керек", - деп береді Ламардың сөзін RMC Sport.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport