Данияны жеңгені үшін құрама футболшыларына қаржылай сыйақы беріледі
Қазақстандық футболшылар Еуропа-2024 чемпионатының іріктеуінде Данияны жеңгені үшін қаржылай сыйақы алады. Бұл туралы құраманың бас бапкері Магомед Адиев мәлімдеді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Астанада өткен ойын 3:2 есебімен қазақстандық клуб пайдасына аяқталды. Алғашында Әдиев спортшылары кездесу барысында қарсыласынан 0:2 есебімен ұтылып жатқан болатын.
"Бізге белгіленген сыйақы мөлшері бар. Онда қалыптан тыс ештеңе жоқ. Маған біреудің біздің қаржылық ісімізге араласқаны ұнамайды, бірақ қаржы көп емес. Жігіттердің негізгі табыс көзі клубтардан. Осындай жеңістер командаға өз қабілеттеріне сенімділік береді және одан әрі жетістіктерге жетуге жақсы көмек болады", - деді Әдиев 24.kz тілшісіне берген сұхбатында.
Жарнама