Футбол
2 мамыр 2024 09:56
 

ЧЛ жартылай финалдың бірінші матчінде "Боруссия" мен ПСЖ жеңімпазды анықтады

  Пікірлер

blog.share

ЧЛ жартылай финалдың бірінші матчінде "Боруссия" мен ПСЖ жеңімпазды анықтады ©"Боруссия" ФК

Футболдан Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы бірінші ойында "Боруссия Дортмунд" Париждің ПСЖ клубынан басым түсті. Алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті. 

blog.share

Футболдан Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы бірінші ойында "Боруссия Дортмунд" Париждің ПСЖ клубынан басым түсті. Алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті. 

Ойында "Боруссияға" жеңіс сыйлаған голды 36-минутта Никлас Фуллкруг соқты. Оның жойқын соққысын Доннарума қайтарып үлгермеді. 

ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппенің гол соғатын бірнеше мүмкіндігі болған. Алайда оның тепкен добы қақпа бағанына тиюмен болды. 

Екі команда арасындағы қарымта ойын 8 мамыр күні Парижде өтеді. 

Айта кетейік, кеше өткен жартылай финалдағы ойында "Бавария" мен "Реал" 2:2 есебімен тең түскен болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!