Чемпиондар Лигасының бірінші іріктеу айналымынан шығып қалған "Тобыл" еурокубок турнирін қайда жалғастыратыны белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Будапештте "Ференцварошпен" өткен ойында 5:1 есебімен ұтылған Қостанайлық ұжым енді Конференция Лигасының екінші кезеңінде Гибралтардың "Линкольн Ред Импс" командасымен кездеседі. Алғашқы ойын шілде айының 21 жұлдызы өтсе, қарымта матч 28 шілдеге жоспарланған.