Футбол
20 қараша 2019 12:35

Чемпиондар лигасының финалисті бас бапкерді қызметінен босатты

© ftbl.ru
Маурисио Почеттино "Тоттенхэм" бас бапкері қызметінен кетті. Бұл туралы англиялық клубтың ресми сайтында хабарланған.

Маманның қызметінен босатылуына команданың өткен маусым соңы мен осы маусым басындағы нашар ойыны себеп. Сонымен қатар, клубтан Почеттино жұмыс істеген бапкерлер штабы да кетті. 

Почеттино "Тоттенхэмді" 2014 жылдан бері жаттықтырып келеді. Оның жетекшілігімен клуб өткен маусыда өз тарихында алғаш рет чемпиондар лигасының финалына жеткен, ақтық сында олар "Ливерпульден" 0:2 есебімен ұтылды.

Осы маусымда тотенхэмдіктер 12 тур қорытындысы бойынша Англия премьер-лигасында 14 ұпаймен 14-ші орында келеді.