"Астана" футбол клубы Чемпиондар лигасына іріктеу кезеңінен шығып қалғанымен, бас бапкер Григорий Бабаянды алмастырмайды. Бұл туралы Kommentator_Maulen телеграм арнасы хабарлап отыр.
"Астана” клубының басшылығы Григорий Бабаянға соңына дейін сенеді. Клуб кем дегенде Конференция лигасының топтық кезеңіне өтуді мақсат тұтады. Егер осы мақсат орындалмаса онда “Астана” жаңа бапкер іздейді. Жаңадан келетін маман шет ел азаматы болады", - делінген арна жазбасында.
Еске салайық, кеше "Астана" Чемпиондар лигасына іріктеудің екінші раунды аясында өз алаңында загребтік "Динамодан" 0:2 есебімен ұтылды. Хорватияда өткен бірінші ойында алаң қожайындары 4:0 есебімен ұтқан еді. Осылайша, "Астана" Чемпиондар лигасынан шығып қалды да, Еуропа лигасында бақ сынайды.