Чемпиондар лигасын биыл кім жеңіп алатыны айтылды
"Баварияның" бұрынғы ойыншысы Жером Боатенг биылғы Чемпиондар лигасының басты фавориттерін атады, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Баварияның" бұрынғы ойыншысы Жером Боатенг биылғы Чемпиондар лигасының басты фавориттерін атады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ол мюнхендік клубтан бастады.
"Бундеслига титулы - "Бавария" үшін міндетті талап, бұл әрдайым солай болды Хаби Алонсоның "Байердегі" үлкен жұмысына қарамастан. "Баварияның" ісі жаман емес, БАҚ солай жазуда, Германия кубогынан шығып қалғанын есептемесек әрине.
ЧЛ топтық кезеңі жақсы өтті, бірақ ол көрсеткіш емес. Қызықтың бәрі плей-офф кезеңде басталады. "Манчестер сити" өзгелерден мықтырақ көрінеді, одан кейін мадридтік "Реал", "Бавария" және мүмкін "Арсенал", - деп береді оның сөзін euro-football.ru.
Айта кетейін осыған дейін Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңіне өткен 12 команда іріктелді.
1/8 финал жеребесі 18 желтоқсанда өтеді.
Жарнама