Футбол
26 мамыр 2020 12:01

Чемпиондар лигасы тарихындағы ең мықты бапкер мен ең үздік футболшы анықталды

Сурет: FootballHD
Мадридтік "Реалдың" бас бапкері Зинедин Зидан Squawka тұжырымы бойынша Чемпиондар лигасының ең үздік бапкері атанды. 


Еске саалйық, Зидан Чемпиондар лигасын қатарынан үш рет ұта алған жалғыз бапкер, үш жеңіс те мадридтік командамен болды - 2016, 2017 және 2018 жылы. Ал жалпы Чемпиондар лигасы аясында 26 матчте жеңіске жеткен.

Топ-10 маманның толық тізімі:

1. Зинедин Зидан
2. Хосеп Гвардиола
3. Карло Анчелотти
4. Жозе Моуринью
5. Луи ван Гал
6. Алекс Фергюсон
7. Юпп Хайнкес
8. Висенте дель Боске
9. Рафаэль Бенитес
10. Оттмар Хитцфельд.

Сонымен қатар, "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси Squawka тұжырымынша XXI ғасырдағы Чемпиондар лигасы финалы тарихындағы үздік ойыншы деп танылды.

XXI ғасырдағы Чемпиондар лигасы финалының тарихындағы үздік ойыншылар ондығы:

1. Лионель Месси ("Барселона"). Чемпиондар лигасының 2010/2011 маусымындағы "Манчестер Юнайтедпен" финал (3:1).
2. Зинедин Зидан ("Реал"). 2001/2002 маусым "Байермен" (2:1).
3. Хави ("Барселона"). 2008/2009 "Манчестер Юнайтедпен" (2:0).
4. Стивен Джеррард ("Ливерпуль"). 2004/2005 "Миланмен" (3:3, пен. 3:2).
5. Оливер Кан ("Бавария"). 2000/2001 "Валенсиямен" финал (1:1, пен. 5:4).
6. Дидье Дрогба ("Челси"). 2011/2012 "Бавариямен" (1:1, пен. 4:3).
7. Арьен Роббен ("Бавария"). 2012/2013 маусым "Боруссия" Дортмунд (2:1).
8. Анхель Ди Мария ("Реал"). 2013/14 "Атлетикомен" (4:1).
9. Гарет Бэйл ("Реал"). 2017/2018 маусым финалы "Ливерпульмен" финал(3:1)
10. Диего Милито ("Интер"). 2009/2010 "Бавариямен" финал (2:0).

11-ші орында "Реалдың" бұрынғы форварды Криштиану Роналду 2016/2017 маусымындағы "Ювентус" сапындағы финалдық ойын үшін (4:1).