"Мәселе адам өмірінде, футболда емес. Мұндай жағдайда өзімді жайлы сезіне алмаймын, сондықтан ойнағым келмейді. Қиын жағдайда адамдар жақындарының қасында болу керек. Маусым шегерілуі тиіс, өйткені қиын-қыстау заман келді", - деп жазған еді футболшы Instagram желісінде.
Turkish Football ақпаратынша, Микел келісімшарт үзілгеніне байланысты ешқандай өтемақы алмайды және барлық бонустардан өз еркімен бас тартқан. Футболшы отбасымен Англияға оралмақ.