Футбол
20 қараша 2023 11:54

Чемпиондар лигасы фавориттерінің рейтингі жарияланды

©goal.com

Goal.com порталы биылғы Чемпиондар лигасындағы фаворит командалар рейтингін жариялады. Қазіргі таңда топтық кезеңдегі 4 ойыннан кейін 32 команданың 26-сы плей-оффқа шығу мүмкіндігін сақтап отыр, деп хабарлайды Мassaget.kz

Портал рейтингі бойынша биылғы Чемпиондар лигасының басты фавориті – "Манчестер Сити". Былтыр чемпион атанған ағылшындық клуб биыл да сол жетістігін қайталауы мүмкін. Одан кейінгі орынға "Реал Мадрид" (Испания) пен "Бавария" (Германия) командалары жайғасқан. 

Фавориттердің алғашқы ондығына "Интер" (Италия), "Реал Сосьедад" (Испания), "Лейпциг" (Германия), "Арсенал" (Англия), "Барселона" (Испания), "Атлетико" (Испания) және "Порту" (Португалия) командалары енген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport