Бүгін, 16 наурызға қараған түні Чемпиондар лигасы ширек финалына шығатын соңғы екі команда анықталады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Испанияда 1/8 финалдық қарымта матчте "Реал" мен "Ливерпуль", ал Италияда "Наполи" мен "Айнтрахт" ойнайды.
Қазіргі таңда 1/4 кезеңге өткен алты команда белгілі.
Осылайша, жартылай фианлға жолдама үшін "Челси", "Бенфика", "Милан", "Бавария", "Манчестер Сити" мен "Интер" таласқа түседі.