Чемпион дәрежесінде. "Реал" Чемпиондар лигасында антирекорд орнатты

Мадридтік "Реал" Чемпиондар лигасы бесінші туры аясында сырт алаңда "Ливерпульден" ұтылып қалды.
Мадридтік "Реал" Чемпиондар лигасы бесінші туры аясында сырт алаңда "Ливерпульден" ұтылып қалды.
"Энфилдтегі" кездесу 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Матчте Алексис Мак Аллистер (52-минут) және Коди Гакпо (76) бір голдан салды.
Бұл ойында "Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе мен "Ливерпуль" вингері Мохамед Салах пенальтилерді сәтсіз тепті.
? @LFC 2-0 @RealMadrid
— Real Madrid C.F. (@realmadrid) November 27, 2024
⚽ 52' Mac Allister
⚽ 76' Gakpo#UCL pic.twitter.com/gp0e1j5giB
Осылайша, Карло Анчелоттидің командасы турнирдің жалпы кезеңіндегі бес матчтің үшеуінде ұтылды.
Opta мәліметінше, "Реал" чемпион бола тұрып, ЧЛ-дың топтық кезеңіндегі үш рет ұтылған тарихтағы алғашқы клуб болып отыр.
Жарнама