Лондонда Чемпиондар лигасы ширек финалындағы "Челси" мен "Реал" арасындағы қарымта матч өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу алаң қонақтарының пайдасына 2:0 есебімен аяқталды. Осылайша, испаниялық клуб екі ойын қорытындысы бойынша жартылай финалға өтті.
Екі голды да "Реалдың" бразилиялық шабуылшысы Родриго салды. Алдымен ол 58-минутта есеп ашты да, 80-минутта дубль авторы атанды.
"Челси" 1/4 финалдың екі матчінде де бір гол сала алмады. Испанияда өткен бірінші кездесу де "Реал" пайдасына 2:0 есебімен аяқталған.
Мадридтік клуб Чемпиондар лигасы жартылай финалына бірінші болып шығып отыр. Енді испаниялықтар "Манчестер Сити" - "Бавария" жұбының жеңімпазымен ойнайды. Бірінші ойынды ағылшындар 3:0 есебімен ұтқан.