"Челси" қазақстандық команданы құрметтемейтіні айтылды

©"Челси" ФК

"Астон Вилланың" бұрынғы ойыншысы Гэбриэл Агбонлахор лондондық "Челсидің" Конференция лигасындағы матчке негізгі ойыншыларды қоспау шешіміне қатысты ойын айтты, деп жазады Talksport.

Бұған дейін турнирге Коул Палмер, Уэсли Фофан мен Ромео Лавиа қатыспайтыны айтылған болатын.

"Бұл жарысқа деген құрметсіздік деп ойлаймын, өйткені олар Еуропа лигасы немесе Чемпиондар лигасында олай етпес еді. Олар Ұлттар лигасына "Фу, біз "Челсиміз" мұндай жарысқа қатыспасақ та болады... Ендеше жарақат алып қалуы мүмкін ойыншыларды жібермей-ақ қояйық" деп қарайды. Әсіресе бұл Лавиа мен Фофанға қатысты. Оларда жарақат болған. Сондықтан "Челси" кейін премьер-лигада жақсы өнер көрсетету үшін бұл жарыста мықты ойыншыларды демалдырып алайық деген ойда отыр.  

Шынын айтқанда, бұл қарсыласқа құрметсіздік деп есептеймін. Дегенмен ойыншыларға да демалыс керегін түсінемін", - дейді Агбонлахор.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар