"Челси" клубы Чемпиондар лигасында қатарынан екі ойында жеңіске жетті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Е тобында сынға түсіп жатқан ағылшын командасы 4-турда "Миланға" қонаққа барып, "Сан Сирода" жеңісті тойлады.
Апта бұрын Тұманды Альбионда ағылшындар жауапсыз 3 гол салған еді. Бұл жолы Стефано Пиоли шәкірттері есе қайтаруы тиіс болған. Алайда 18-минутта қорғаушы Фикайо Томори алаңнан қуылып, "Милан" бір ойыншыға кем қалды.
Нәтижесінде 21-минутта Жоржиньо пенальтиден есеп ашса, 34-минутта Пьер-Эмерик Обамеянг есепті еселеді. Қорытынды есеп 0:2.
Осылайша, қатарынан екі рет "Миланнан" басым түскен "Челси" топта 7 ұпаймен көш бастады.