"Челси" Чемпиондар лигасы 1/4 финалында "Портудан" 0:1 есебімен ұтылды, алайда, Португалиядағы 2:0 есебімен болған жеңіс лондондықтарға екі матч қорытындысы бойынша жартылай финалға шығуға септесті,- деп хабарлайды Eurosport.
Осылайша, 1/2 финалда "Челси" тарихта сегізінші рет ойнайды - бұл АПЛ клубтары арасында рекорд. Турнир форматы өзгерген 1991/92 маусымнан бері "МЮ" жартылай финалға жеті, "Ливерпуль" - бес рет шыққан.
Чемпиондар лигасының биылғы жартылай финалына "Челси" 2013/14 маусымынан кейін қайта шығып отыр. "Челси" 1/2 финалда "Реал" немесе "Ливерпульмен" кездесу өткізеді.
Матчтер 27 сәуір мен 4 мамырда өтеді.