"Челси" футбол командасы бас бапкер Томас Тухельді қызметінен босатты. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.
Кеше "Челси" Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің бірінші турында сырт алаңда загбертің "Динамо" командасымен кездесіп, 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Бүгін команда басшылары бас бапкерді қызметінен босатты.
49 жастағы маманның орнын кім басатыны әзірге кім белгісіз. Бірақ үш үміткер бар. Олар - Зинедин Зидан, Маурисо Почеттино және Грэмм Потер.
Тухель "Челси" командасының тізгінін 2021 жылдың басында ұстады. Оның бастамасымен команда Чемпиондар лигасында, клубтар арасындағы әлем чемпионатында және УЕФА Суперкубогінде топ жарды.